Жамбыл атындағы орта мектебінің 5”А”,”Ә”,”Б” сынып жетекшісі Куанова А,Бейсен А,Сейтова А, тәлімгер Мәтен Қ “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”аясында оқушыларымен аудандық мұражайға саяхат жасады.Экскурсия барысында оқушылар музейдің 5 бөлімнен тұратын залдарын аралап, тарихи жәдігерлермен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті. Оқушыларға, әсіресе, ұнағаны қазақтың қолданбалы өнері мен тұрмыстық заттары қойылған зал болды. Ер балалар ондағы қазіргі күні де өздері қолданып жүрген ер-тұрман түрлерін көріп, қызығушылық танытса, ал қыз балалар әшекей бұйымдарға аса мән берді. Оқушылар музей қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.
Біздің мақсатымыз- тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды шығармашылық өнермен және туған жеріміздің мәдениетімен таныстыру.