Жамбыл атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Амренова 10-11 сынып оқушыларына "Лудомания ғасыр дерті”тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мақсаты:Жастар мен жасөспірімдер арасындағы тәуелділік, ойынқұмарлық, жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты жас ұрпаққа лудомания жайлы қысқаша ақпарат беру.Оқушыларға аталған тақырып бойынша ой салып, интернет жүйесі арқылы ойнатылатын құмар ойындарды ойнаудың қорытынды нәтижелері, оның зиянды жақтары және ондай жағдайдан шығу жолдары туралы айтылды.Әрбір бала өз-өздеріне сенімділік жоғалған жағдайда кімдердің көмегіне жүгіну керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.