Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті.
Осыған орай Жамбыл атындағы орта мектебінде Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының директоры,аудандық мәслихат депутаты Ғ.Б.Қойбағаров пен Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі М.Е.Майшекейевтің қатынасуымен мектеп ауласына жеміс ағаштары егілді.